Жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру -заман талабы. Осы жолда нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін сара жол – педагогтерді жаңғырту мен педагогикалық шеберлікті жетілдіру мен кәсіби біліктілікті арттыру екені белгілі. Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі шығып, Оқу-ағарту министрлігінің жауапты мамандары «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын» «Ашық НҚА» порталына іліп,талқылау жұмыстарын қызу жүргізуде.Бүгін мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне атаулы т тақырыпта «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» енгізілген өзгерістер туралы айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.