1 –жүргізуші:

Кім үлкенді тыңдаса

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де

– деп ендеше ,Балалар бүгінгі біздің танымыз ерекше болмақ,мен сіздерді «Таншолпан » бағдарламасының көрермендері болуға қонаққа шақырамын.

«Қайырлы таң Таншолпан бағдарламасына » қош келдініздер Құрметті Аталар мен қонақтар «Таншолпан » бағдарламасының жүргізушісі Балбөбек Бекболатқызы боламын!Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ер жігіттің серігі- арғымақ ат» атамның әңгімесі көрінісін тамашалаңыздар.

1 –жүргізуші:

Мына бізге еліміз
Құрметпенен қарайды.
Арғы атамыз, тегіміз,
Ақыл-ойдан тарайды!

Бүгінгі біздің қонақтарымыз Аталар өздерін таныстырып кетсе.

Бүгінгі «Ер жігіттің серігі- арғымақ ат» бағдарламамызды бастаймыз қош келіпсіздер!

Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған.Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады.Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбұрылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес,жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген. Жылқы қасиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы. Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті.Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз Жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.

Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп аталған.

Ендеше, күнделікті өмірде ата – әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.

Асқар таудай тұлғасы,

Ақ сақалды қария.

Ата сөзі жыр басы,

Айтқан сөзі дәрия

Ендігі сөз кезекгін бүгінгі қонақтарымыз Аталарымызға беріледі.

Ат әбзелдері мен оларды пайдалану

Ат-әбзелдері – атқа міну және жегу үшін пайдаланатын ер-тұрмандары мен жабдықтары.

Ер-тұрман – салт мінетін ат тұрманының жалпы атауы. Оған ер, тоқым, жүген, ноқта, айыл, өмілдірік, құйысқан, қамшы, тұсамыс, шідер жатады.

Ер – әбзелдің негізгі ағаш тұғыры (бөлігі). Ол екі қастан (алдыңғы және артқы), екі қапталдан, белағаштан тұрады. Қазақы ер, құранды ер, шошақ бас ер, үйрек бас (құсбас) ер, қазық бас ер, қозықұйрық ер сияқты түрлері болады. Рулық белгісіне қарай алтай ер, найман ер, үйсін ер, керей ер, адай ер, қызай ер деп те бөлінеді. Сапасына қарай алтын ер, күміс ер, сондай-ақ еркек және әйел ері де болады. Ағаштан жасалып, тұтас ойылған ерді ойма ер деп атайды.

Өмілдірік – ер кейін кетпес үшін аттың омырауына шеттік арқылы тағылатын, әсемделген, шекетулеген өте сәнді әбзел.

Құйысқан – ер ат мойнына кетпес үшін ат құйрығы астынан екі жамбас үстімен ер шеттігіне жалғасатын күмістелген әбзел.

Тоқым – ер астынан келетін, былғарымен қапталып, киізден жасалған әбзел.

Тебінгі – атқа үзеңгі тимес үшін және киім ат терімен бүлінбес үшін тоқымға жалғасатын әбзел.

Үзеңгі – жезден, темірден жасалған атқа міну үшін қолданылатын тұрман.

Жүген – ат басына кигізілетін негізгі әбзелдің бірі. Ол екі жақтаудан, желкеліктен, кекілдіктен, кеңсіріктен, сулықтан, ауыздықтан, сағалдырықтан, шығыршықтан және тізгіннен тұрады.

Ноқта – жүген астынан түсетін әбзел.

Шылбыр – жылқы ноқтасына тағылатын берік еспе бау.

1 –жүргізуші:

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария

Көп өнеге сыйы бар

Сөзі соқпақ, өзі нәр.

Бүгінгі қонақтарымыз Аталар балаларымызға арнап әкелген ойындарыныз бар шығар?

Ойын: Бұл жерде біз қазақ халқының ұлттық ойындарының түрлерін кріп отырмыз, атап айтсақ арқан тартыс, күрес, қол күрес, тенге алу, алтыбақан, қыз қуу. Олай болса біз осы ұлттық ойындардың ішінен «Қыз қуу» ойынын ойнаймыз. Олай болса мен сендерге кыз қуу ойынының тарихын және шартын түсіндірейін. «Қыз қуу» – қазақ халқының көне ойындарының бірі. Ол еліміздің халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден кележатқанспорт ойыны ертеде « Қыз қашар»,

«Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса біздің заманымызға дейн өзгеріссіз жетті. Сол заманға тәртіп бойнша жарыс жігітпен қыз арасында өткізіледі. Ал енді балалар қыз қуу ойынының ойналу шарты балар арасынан бір ер бала, бір қызды атпен қуады. Ер бала кызға жетіп білегіндегі орамалды шешіп алса ол жеңіске жетеді.

Олай болса балалар, осы ойынды өзіміз ойнайық.

Ән «Жаз атамның аулына» домбырамен аталар мен балаларымыздың орындауында.

Жеу үшін де талқанды,
Еңбек етіп терлейсің.
Жауыр қылмай арқаңды,
Қиындықты жеңбейсің.

Шебер тоқу: «Қамшы өру» Балалармен қамшу өру әдіс-тәсілдерін көрсету.

Ән : «Ата-әже»Балалардың орындауында.

Бата: Ааталардан бата сұрау

Менің атам ақылды
Бізге бата береді,
Арқасына мінгізіп
Аттай шауып,желеді!

 

№42 «Айналайын» МКҚК

Бекітемін:

меңгерушісі:

Н.Г .Шугаева.

Тақырыбы: «Ер жігіттің серігі- арғымақ ат»

«Алақай» ортаңғы тобы

 

 

 

 

 

Тәрбиешілері:С.Тулешова

Б.Қуаныш