Жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру -заман талабы. Осы жолда нәтижеге қол жеткізуге  мүмкіндік беретін сара жол – педагогтерді жаңғырту мен педагогикалық шеберлікті жетілдіру мен кәсіби біліктілікті арттыру екені белгілі. Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі шығып, Оқу-ағарту министрлігінің  жауапты мамандары «Педагогтерді аттестаттаудан  өткізу қағидалары мен шарттарын»  «Ашық НҚА» порталына іліп,талқылау жұмыстарын қызу жүргізуде.Бүгін  мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне  атаулы т тақырыпта «Педагогтерді аттестаттаудан  өткізу қағидалары мен шарттарына» енгізілген  өзгерістер туралы айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.